Алматыда қол астындағы адамына қол көтерген полиция қызметкері жұмыстан босатылды
Алматыда қол астындағы қызметкеріне қол көтерген полиция қызметкері ішкі істер органдарынан шығарылды, деп хабарлайды zakon.kz.
Бүгін, 31 тамызда Интернетте ер адамның полиция қызметкерін ұрған видеосы пайда болды. Видео астындағы түсініктеме мәтінде бұл адамның қол астындағы жас қызметкерге қол көтерген Наурызбай аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары екені айтылған.
Алматы полициясының бастығы Қанат Таймерденов бұл видеодағы адам департамент бастығының орынбасары Қ.Жақыпбаев екенін растады. Осыған қатысты тәртіптік комиссияның шұғыл отырысы өткізіліп, ішкі істер органдарының беделіне нұқсан келтіргені және ҚР мемлекеттік қызметкерінің Этикалық кодексі нормаларын бұзғаны үшін оны жұмыстан босату туралы шешім қабылданды. Бұл бөлімнің бірқатар басшылары да қызметінен босатылды.
Сонымен қатар, 362-бап, "Билігін немесе өкілеттігін асыра пайдалану" бойынша тергеу басталды.