Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы-Қапшағай трассасында заулаған көлік жаяу жүргіншіні қағып, мерт қылды

zakon.kz zakon.kz
Полицияға жүргізушінің өзі хабарласқан, кейінірек оқиға орнына тоқтаған такси жүргізушісі мерт болған адамды Алматы қаласынан шыға берісте тұрған жерінен көргенін айтты.

Алматы-Қапшағай тас жолында кісі өліміне әкеліп соққан жол апаты болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қапшайғай қаласына қарай солтүстік бағытта тас жол бойымен келе жатқан Opel Calibra көлігі ер адамды қағып кетті.

Opel жүргізушісінің айтуынша, қараңғыда ер адам кенеттен жолға атып шыққан. Жолдың бұл бөлігінде жарық жоқ екен. Жүргізуші қандай да бір әрекет жасап үлгермей, ер адамды қаққан. Қатты соққы салдарынан ол жүз метрге ұшып түскен. Жүргізуші 250 метрдей жүріп өткен соң тоқтаған.

Жүргізуші кейін түсіндіріп өткендей, қатты қорқып, көзін жұмып, ақырындап тоқтай бастаған.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2021-09/1631591737_apsha-ay-almaty.jpg

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2021-09/1631591768_almaty-apsha-ay.jpg

Полицияға жүргізушінің өзі хабарласқан, кейінірек оқиға орнына тоқтаған такси жүргізушісі мерт болған адамды Алматы қаласынан шыға берісте тұрған жерінен көргенін айтты.

Ол такси ұстап тұрыпты, бірақ оны ешкім алғысы келмепті. Айналасында ешқандай елді-мекен тас жолға оның қалай тап болғаны белгісіз, бұл маңда тек қоқыс төгетін орын ғана бар.

Оқиға орнына Алматы облысының анықтаушысы келді. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына жеткізілді. Тиісті сараптамалар тағайындалды, іс тергелуде.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2021-09/1631591746_opel.jpg

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2021-09/1631591798_opel1.jpg

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз