Алматыда бассейнде 11 бала хлор буына уланды

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2021 20:40 Pixabay
Балалардың жасы -12-14 жас аралығында.

Алматыдағы бассейндердің бірінде 11 бала хлор буынан уланды, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, балалар 23 қыркүйек күні таңертең көмекке жүгінген.

23 қыркүйек күні таңертеңгі сағат 10.30-да жедел жәрдем бригадасы біп топ баланы тамағы жыбырлап, түшкіру шағымы бойынша Балаларға жедел және шұғыл көмек көрсету орталығына жеткізді. Олар бассейнде жаттығу кезінде хлор буына уланған. Барлығының жағдайы тұрақты, олар мамандандырылған бөлімге жатқызылды, делінген ведомства хабарламасында.

Балалардың жасы -12-14 жас аралығында.

Сонымен қатар, қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары тергеу жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Алмалы ауданының санитарлық дәрігерлері бұл фактіні тексеріп жатыр, - деді Сәдуақас Байғабылов.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: