Қамаудағы тұтқын Қазақстаннан Ресейге экстрадицияланды
zakon.kz
Қазақстанда ол 20 жылға бас бостандығынан айырылған еді.
Қамаудағы тұтқын Қазақстаннан Ресейге экстрадицияланды, деп хабарлайды zakon.kz.
Қазақстанда ол 20 жылға бас бостандығынан айырылған еді.
Сотталушының 2009 жылдың мамыр айының басында заңсыз баю мақсатында героин түріндегі есірткіні сатуға бағытталған ұйымдасқан қылмыстық топ құруға бастамашы болғаны анықталды.
Ер адам ұсталып, Шығыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №ОВ-156/15 қатаң қауіпсіздік мекемесіне жеткізілді. Мерзімнің көп бөлігі өткен соң, сотталушы қазіргі уақытта отбасы мен туыстары тұратын Ресей Федерациясына экстрадициялауын сұрап, Бас прокуратураға арыз түсірді. Тұтқынды қабылдауға дайын екендігі және өзге де қажетті ақпарат Ресейден келіп жеткен соң ҚР Бас прокуратурасы жазасын өтеп жатқан адамды экстрадициялау туралы келісім алды, деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі.
Азаматтарды экстрадициялау екі ел арасында жасалған келісімдер негізінде жүзеге асырылады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript