Поезд 5 бас үй жануарын қағып кетті
Өткен тәулікте "Егізқызыл-Алтынқолат" аралығында "Нұр-Сұлтан– Семей" бағытындағы жолаушылар поезды екі жылқыны қағып кетті, деп хабарлайды zakon.kz Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағы осындай екі факті "Құлақшын – Алайғыр" аралығында және Отар станциясында орын алды. Бұл жолы "Алматы – Қостанай" және "Алматы 2 – Шымкент" бағытындағы жолаушылар поезды екі сиырды қағып кетті.
"Тоқыбай – Екібастұз-3" аралығында тағы бір жылқы жүк поездынын астына түсті. Сондай-ақ, "Маралды-Шарбақты" аралығында жүк поездының машинисі шұғыл тежеу қолданып, ірі-қара малды қағып кетудің алдын алды.
Жоғарыда көрсетілген барлық фактілер бойынша үй жануарлары иелеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 559-бабының 1-бөлігі (темір жолдардың бөлінген белдеуінде мал жаю ережелерін бұзу) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Ағымдағы жылдың басынан бері Көліктегі полиция департаментінде шұғыл тежеудің 2 032 фактісі тіркелді, оның ішінде темір жол төсемінде малдың болуы себебінен – 1 527 факті.