Жаңалықтар тізбегі
0

Бесінші сыныптың оқушылары сыныптасын ұрып өлтірді

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.10.2021 16:46 видеодан кадр
Директор бейнебақылау камеларындағы жазбаны көрсетпей қашып жүр.

Құрдастары дәретханада ұрып-соққан жеткіншек ауыр жарақаттардың кесірінен бақилық болыпты. Ер баланың ет жақындары осылай деп еңіреп отыр. Он жастан енді асқан оқушылардың қатыгездігін мектеп басшылығы біледі екен. Бірақ олар баланың өзі науқас болған деп, айды аспаннан бір-ақ шығарған. Білдей білім ордасындағы бассыздық пен кәмелет жасына толмаған ұлдардың жауыздығынан қан жұтқан жандар әділдік іздеуде, деп хабарлайды zakon.kz "Еуразия" бірінші арнасына сілтеме жасап.

Қайғыдан қан жұтып отырған Гүлнара Маханова күні кеше 5-ші сыныпта оқитын баласын жер қойнауына тапсырып келген. Ұлының тірісінде ұстаған заттарын көрген кезде еріксіз көзіне жаса ала береді. Марқұмның әжесінің айтуынша, өткен аптаның жұма күні баласын сыныптасы ұрып басын және бүйрегін ісіріп жіберген. Содан бастап балақай қатты қиналып, ыстығы көтеріліп ақыры соңында аурухана төсегінен о дүниеге аттанып кеткен.

Гүлнара Маханова, қайтыс болған оқушының әжесі:

Баламның кеше неден кейін көрсеттік. Врачқа апардық ғой кеше кешке. Басынан соққы алған дейді, қан ұйып қалған депті. Одан кейін тамыры қасылып қалған дейді. Бүйрегіде ісіп кеткен, мен өз көзіммен көрдім. Қиналғанда ол бір атала өз-өзін ұстай алмады. Алқына берді. Енді ана бала өз өзін ұстай алмады.

Сондай-ақ, марқұмның ет жақындарының айтуынша, мектеп қабырғасындағы әлімжеттік көрсету тоқтамаған дейді. Яғни, бір-бірінен ақша жинап, қысым көрсетуден біраз оқушы зәразап болып жүргендерін жасырмайды. Енді айдың күннің аманында ұлынан айырылып қалғандар мектептің басшылығына өкпелері қара қазандай.

Апасы алып барады. Апараған кезде ауырып тұр десе, тәрбиешіге ана директорға апар дейді. Ол қалай көмек бермейді. Ауырып тұрған адамға көмек беру керек ғой бұлар. Медсестрасы көмек бермеген.

Ал, мектеп басшылығы болған жағдайдан ат тондарын ала қашып отыр. Қайтыс болған баланың онсыз да ауырып жүргенін айтып, білім ордасы таяқ жегенін үзілді-кесілді жоққа шығарып отыр. Сондай-ақ, директор мектептегі бейнебақылау камеларындағы жазбаны түрлі сылтау айтып кері айналдырып көрсетіп бере алмады.

Уәлихан Бесімбаев, Ж.Еділбаев атындағы №18 мектеп-гимназиясының директоры:

Баланың ондай соққы болғандығы, ондай соққыдан неғылғандығы. Ол үшінші күні де, төртінші күні де, бесінші күні де мектепте болған. Дүйсенбі күні әжесі алып келген, сабаққа қатысып дүйсенбі күні соңғы сабақта баланың шамалы қызуы болып ағасы келіп мектептен алып кетеді. Міне, содан соң температурасы 39 көтеріліп, содан баланың судорогі ұстап, ауруханада көз жұмды деп айтып жатыр.

Алайда, қайтыс болған оқушының жақындары мектеп директорының айтқанымен мүлдем келіспейді. Себебі, олар марқұм ұлдары соққы алғанға дейін еш сыртқантанбағанын айтып отыр. Қазір таңда, аталған жағдай бойынша полиция департаментінде тексеру басталып, сараптама тағайындалған. Яғни, алдағы уақытта заң аясында нақты шешім қабылданатын болады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: