Жаңалықтар тізбегі
0

"Одноклассники": СҚО-да ауыл тұрғыны желідегі алаяқтықтың жолын кесті

"Одноклассники" сайты, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.10.2021 18:20 "Одноклассники" сайты
Бүгінгі таңда алаяқтық – бұл интернетте кең таралған қылмыстың бір түрі, – дейді полициядағылар.

СҚО-да ауыл тұрғыны “Одноклассники” әлеуметтік желісінде интернет-алаяқтықтың жолын кесті, деп хабарлайды zakon.kz.

Polisia.kz мәліметінше, Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылының тұрғыны қаскөйлердің “Одноклассники” әлеуметтік желісінде оның негізгі парақшасын бұғаттап, атына жалған парақша ашқандарын айтып жергілікті полицияға жүгінген. Ол туралы жолдастарынан білген. Желілік аферист әйелдің атынан ойын ойнауды ұсынған, ойын шарты бойынша жеке мәліметтерді ұсыну қажет екен. Қаскөй сілтеме арқылы өтіп, ақшалай сыйлық ұтып алуға болатынын айтып сендірген. Ол ойынның қызықты екенін және қатысушылардың олжаны тек ұтыс сомасының 50%-ын салғаннан кейін ғана алуға болатынын айтқан.Мән-жайды анықтаған әйел, полицияға арыз жазған. Абырой болғанда, ауылдықтың дер кезінде дабыл қағуынан қаскөй “жолдастарының” жеке мәліметтерін қолына түсіре алмады. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 25-бабы 1-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Қазіргі кезде қаскөйді анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.

Бүгінгі таңда алаяқтық – бұл интернетте кең таралған қылмыстың бір түрі, – дейді полициядағылар.

– Адамдардың көбі ерекше қызығушылықпен әлеуметтік желілерді қолданады, қаскөйлердің пайдалануы мүмкін деген ойға келместен, өздерінің фотосуреттері мен жеке ақпараттарын жариялайды. Барлық қолданушыларды интернетте ақша немесе өзге де деректерді жібермес бұрын – алатын адамды қайта тексеріп, қауіпсіздікке көз жеткізуге шақырамыз. Сонымен қатар, қандай да бір жағдай болмасын, әсіресе ақшамен байланысты интернетте операция жасау кезінде асықпаған жөн. Егде жастағы туыстарыңызды, көршілеріңіз бен барлық таныстарыңызды бұл жайында ескертуіңізді сұраймыз, - СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев.

Жыл басынан солтүстікқазақстандық полицейлер барлығы 126 интернет алаяқтықты ашты. Оның 51-і әлеуметтік желілерде.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: