"Талибан" мен қарулы топ арасындағы қақтығыстан 17 адам қаза тапты

pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.10.2021 17:10 pixabay
Бұл Талибан қаланы бақылауға алғаннан бері Гераттағы алғашқы қарулы қақтығыс.

Ауғанстанның солтүстік-батысындағы Герат қаласындағы "Талибан" радикалды қозғалысы (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) мен қарулы топ арасындағы қақтығыстардың салдарынан кемінде 17 адам, оның ішінде әйелдер мен балалар бар, қаза тапты, деп хабарлайды zakon.kz.

Басылымның мәліметінше, 24 қазан, жексенбі күні түстен кейін қала көшелерінде атыс басталып, түнге дейін созылды. Зардап шеккендердің арасында жеті бала және үш әйел бар. Тағы бірнеше адам жарақат алып, жергілікті ауруханаға жеткізілді.

Бұл – 12 тамызда Талибан қаланы бақылауға алғаннан бері Гераттағы алғашқы қарулы қақтығыс.

Бақытжан Отарбаева

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: