Алматыда куәлігінен айырылған жүргізуші пәлеге ұрынды
zakon.kz
Бұл Алматыда өзің тыныш келе жатсаң да, артыңнан біреу соғып кетеді.
Қазіргі Алматыда күнде де, түнде де көліктер соғылып жатады, деп хабарлайды zakon.kz.
Абай көшесімен келе жатып, Өтеген батыр көшесіне оңға бұрыла қояйын деген Lada Priora көлігін артында келе жатқан Toyota Avensis соқты.
Арты соғылғаны аздай, ытқып кеткен Lada бағанаға барып тұмсығымен тағы соғылыпты.
Жол апатынан Lada Priora-да отырған жолаушы әйел жараланып, ол дәрігерлермен бірге ауруханаға кетті.
Оқиға болған жерге жеткен полицейлер тексере келе, "Ладасына" мініп алып, қала ішінде шапқылап жүрген жүргізушінің бұған дейін жүргізуші куәлігінен айырылып үлгерген азамат екенін анықтады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript