Алматы облысында автобуста бір әйел "қолшатырдан" таяқ жеді
Zakon.kz
Қылмыс қаруы тәркіленді.
Алматы облысында автобуста ескерту жасағаны үшін әйел "қолшатырдан" таяқ жеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жәбірленуші полицияға арызданды. Аталған факт ҚР ҚК 293-бабы 1-бөлігі бойынша СДТБТ-де тіркелді.
Қаскөй бір күн ішінде ұсталды. Ол қылмысын толықтай мойындады.
Оның айтуынша, автобуста ескерту жасағаны үшін ол қолшатырмен әйелге дүрсе қоя беріп, дене жарақаттарын келтірген.
Қылмыс қаруы тәркіленді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript