Жаңалықтар тізбегі
0

Өмірден түңілген біреу Алматыдағы "Эйфель мұнарасынан" секірем деді

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.10.2021 16:35 видеодан кадр
Полицейлер "Француз үйінің" алдындағы ажалға жол бермеді.

Алматыда полицейлер Эйфель мұнарасынан секірмек болған ер адамды құтқарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Polisia.kz дерегінше, "102" пультіне дабыл түнгі уақытта келіп түсті. Қоңырау шалғандар белгісіз ер адамның Назарбаев пен Абай даңғылдарының қиылысында орналасқан мұнарадан секірмекші болып тұрғанын хабарлады.

– Біздің түсірілім тобымыз оқиға орнына алғашқылардың бірі болып жетті. Осы кезде "Француз үйінің" күзетшісі жоғарыға көтеріліп, ер адаммен келіссөздер жүргізіп жатқан, ал "Буран-160" экипажының патрульшілері төменде тұрып, өтіп бара жатқандармен бірге секірмекші болған адам ойындағысын жүзеге асыратын болса деп тентті созды. Ыңғайлы сәтті күтіп, жоғары көтерілдім. Артынан жасырынып барып, күзетшімен бірге ер адамды ұстап алдық, оның өз-өзіне қол жұмсауға бағытталған әрекеттеріне тосқауыл қойдық. Сосын оны баспалдақпен төмен түсірдік. Белгісіз адам қатты алкогольдік масаң күйде болды, өз әрекетінің себебін нақты түсіндіре алмады. Патрульдік экипаж оны тергеу үшін Бостандық аудандық Полиция басқармасына әкелді, – деді Алматы қалалық ПД Ішкі және сыртқы коммуникациялар басқармасының (Баспасөз қызметі) қызметкері Талғат Сейілбаев.

Ер адамның жеке басы анықталды. Бұл – 1977 жылы туған, нақты тұрғылықты жері жоқ М.есімді азамат. Есін жиған ол, тәртіп сақшыларына өз өміріне байланысты осындай қадамға баруға шешім қабылдағанын айтты.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: