Жаңалықтар тізбегі
0

Келінін жақтырмайтын ене ұлының жанын шығарды

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.11.2021 16:21 Zakon.kz
Баласы полиция шақыруға мәжбүр болды.

Ұлы мен анасының арасындағы кикілжіңнің соңы төбелеске ұласты. Павлодар облысында көмек сұраған жас жігіт полиция шақыруға мәжбүр болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Келінің жақтырмайтын қайын ене ішімдікке сылқия тойып алып, баласымен жаға жыртысты.

5 қарашада бір жігіт полицияға хабарласып, анасы ішіп алып, төбелес шығарғанын айтты: балағат сөздер айтып, пәтер ішінде қолында тиген заттарды жан-жаққа лақтырды, - деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлеріне жас жігіт мұндай жағдайда өзінің қауқарсыз екенін, көршілері алдында ұялтқа қалғанын айтты. Тәртіп сақшыларын көргенде әйел дереу сабасына түскен. Ол өз әрекетін кешкі ас үстінде аздап ішімдік алған соң келіннің кесірінен ұлына ашуланғанымен түсіндірді.

Әйелге қатысты ҚР ҚӘБП 73-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Профилактикалық әңгімеден кейін үй иесі ұлынан кешірім сұрап, мұндай жағдай енді қайталанбайтынына уәде берді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: