"Қымыз бен квас іштім" дейді. Павлодарда мас жүргізуші ұсталды

pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.11.2021 17:30 pixabay
Ер адамды полицейлер 15 қарашаға қараған түні Академик Сәтпаев пен Лермонтов көшелерінің қиылысында тоқтатқан.

Павлодарда Land Cruiser 200 мінген мас жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ер адамды полицейлер 15 қарашаға қараған түні Академик Сәтпаев пен Лермонтов көшелерінің қиылысында тоқтатқан. Ер адам мас екенін мойындамай, квас пен қымыз ғана іштім деп қояды. Бірақ Қазақстанда ондайға сене қалатын полицей болушы ма еді?

Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБК 608-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, материал сотта қаралды. Сот қаулысымен павлодарлыққа 7 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыру және 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды, – деп хабарлады Павлодар Патрульдік полициясы батальоны командирінің міндетін атқарушы Алтынбек Медьяров.

Бақытжан Отарбаева

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: