Ыстамбұлды аста-кестен еткен дүлей дауыл. Желіде видеолар тарады

Дүлей дауыл, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.11.2021 20:28 twitter
Синоптиктер қолайсыз ауа райының сейсенбі күннің соңына дейін сақталатынын болжайды.

Ыстамбұлда жойқын дауыл тұрып, айналаның астан-кестенін шығарды: көліктерді төңкеріп, тұрғын үй шатырларын жұлып, ғимараттарды бүлдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жергілікті құтқару қызметінің мәліметінше, кем дегенде екі адам қаза тапты. Олар ғимараттың шатырының құлауы салдарынан опат болды.

БАҚ ондаған үйлердің бүлінгені туралы хабарлайды. Жел ағаштарды құлатып, электр сымдарын үзген.

Түркияның Жағалау күзеті таңертең Босфор арқылы кемелердің қатынауы тоқтатылғанын хабарлады. Сонымен қатар, алты рейстің ұшақтары қондырылмай, Анкара мен Измирге бағытталды.

Синоптиктер қолайсыз ауа райының сейсенбі күннің соңына дейін сақталатынын болжайды.

Fierce storm kills two people, causes damages in northwestern Turkey. https://t.co/Yvzd12G6D4 pic.twitter.com/4DYYLVbIwF

— Vivek Bajpai (@vivekbajpai84) November 29, 2021

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: