Қарағандыда "Покер" ойынын ұйымдастырған азамат сотталды
ҚР ҚМА баспасөз қызметі
Қазақстанда заңда белгіленген орындардан тыс құмар ойындарды ұйымдастыруға тыйым салынады.
Қаржылық мониторинг агенттігінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде облыс аумағында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған А.Левской есімді азаматты, ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
А.Левской 2021 жылдың ақпан-шілде айлары аралығында Қарағанды қаласының түрлі аудандарында үй-жайларды жалға алып, заңсыз «Покер» құмар ойындарын өткізген. Сонымен қатар, ол кейіннен ойыншылар мен «крупье-дилерлерді» тарта отырып, «курьер-дилер» рөлін атқарды. ҚР ҚМА баспасөз қызметі
А. Левской 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасына тартылды.
Барлық тәркіленген заттай дәлелдемелер жою үшін берілді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript