Жаңалықтар тізбегі
0

Қостанай облысында жол апатынан ерлі-зайыпты дәрігерлер қаза тапты

Дәрігерлер, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.12.2021 13:24 Сурет: Zakon.kz
Олардың артынан үш бала жетім қалды: алты, он бір және он үш жастағы

Қостанай облысында жол апатынан ерлі-зайыпты дәрігерлер қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Alau.kz атап өткендей, қайғылы хабарды Қостанай облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ксения Жылқыбаева растады.

Денсаулық сақтау басқармасы мен облыстың барлық медициналық қоғамдастығы Меңдіқара орталық аудандық ауруханасындағы әріптестерінің қайғылы қазасына қайғыра отырып, көңіл айтады. Бүгін сағат 14.00-де жұмысқа барар жолда ерлі-зайыпты дәрігерлер Комаровтар көз жұмды. Ксения Жылқыбаева

Елена Комарова 1980 жылы туған, акушер-гинеколог және бас дәрігердің орынбасары болып жұмыс істеді.

Жұбайы – Виталий Комаров 1982 жылы туған. Ол тіс дәрігері болып жұмыс істеген еді.

Ерлі-зайыптылар Меңдіқарадағы орталық аудандық ауруханада 2008 жылдан бастап жұмыс істеп келген. Екеуі де жоғары кәсібилігімен, аса жауапкершілігімен және мейірімділігімен ерекшеленетін еді.

Олардың артына үш бала жетім қалды: алты, он бір және он үш жастағы.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: