Қызылорда облысында браконьерлерден жарты тонна ақбөкен мүйізі тәркіленді
Сурет: Zakon.kz
Тәртіп сақшылары браконьерлікпен айналысқан күдіктілерді ұстады. Олардан ақбөкен мүйізінің ірі партиясы тәркіленді, деп хабарлайды Zakon.kz
Жалпы салмағы 500 келі болатын 2347 ақбөкен мүйізі тәркіленді. Ол үшін 1174 ақбөкеннің көзі жойылған.
Қылмыстық әрекет салдарынан мемлекетке келтірілген шығын 5 млрд теңгені құрады. Қазақстандағы ақбөкен популяциясына айтарлықтай шығын келген. ҰҚК комитетінің баспасөз қызметі
ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы, яғни «Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлеріне, сондай-ақ тыйым салынған жануарлар түрлеріне, олардың бөліктеріне немесе дериваттарына заңсыз қарау» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Қазіргі уақытта күдіктілер қамауға алынды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript