Қостанай облысында адамға қасқыр шапты
Сурет: pixabay
Шұғыл көмекке жеткен көршісі азулыны жайратып салды. Зардап шеккен ер адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz
Карамайшы ауылының 54 жастағы тұрғыны кейін дәрігерлерге таңертең үйінен шыққан кезде жыртқыш аңның өзін бас салғанын айтқан, деп жазады alau.kz .
Айқайды естіген көршісі ер адамға көмекке келген.
Қасқырдың тісі батқан ер адамның екі қолы дәрімен өңделіп, қажетті екпелер жасалды және медициналық бақылауға алынды.
Өлі қасқыр облыс орталығына сараптамаға жіберілді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript