Алматыда жол апаты орын алып, такси жүргізушісінің аяғы қысылып қалды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.12.2021 23:32 Сурет: zakon.kz
Оқиға орнына құтқарушылар арнайы құрал-жабдықтармен келді, бірақ олар келгенге дейін аяғы қысылған жүргізуші аман-есен босатылып, жақын маңдағы ауруханаға жіберді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жол апаты Райымбек даңғылы мен Саин көшесінің қиылысында орын алды.

Mitsubishi Galant жүргізушісі Райымбек даңғылының бойымен батыс бағыттан келе жатқан. Ол жол кептелісіне ұрынып, жолдың сол жағына қарай тоқтайды. Ал оның артынан келе жатқан Toyota Alphard жүргізушісі алдындағы кедергіні кеш байқап, көліктерге соқтығыспас үшін жолдың қарсы бетіне көлігін бұрып жібереді.

Сурет: Zakon.kz

Алайда, дәл осы сәтте қарсы бетте Daewoo Nexia-да такси жүргізушісі келе жатқан. Қатты соққының салдарынан Daewoo бір қырына қарай ұшып түседі. Жүргізуші салонда қалып, оның аяғы қыстырылып қалады.

Сурет: Zakon.kz

Daewoo жүргізушісін құтқарушылар келгенге дейін салоннан шығарып алып, ауруханаға жеткізген. Ер адамның жағдайы өте ауыр.

Сурет: Zakon.kz

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: