Алматыда бірнеше арнайы техника өртелді
Сурет: Zakon.kz
Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде 33 арнайы техника өртеніп, бүлінді, деп хабарлайды Zakon.kz
Соның ішінде: 16 полиция көлігі, 7 жедел жәрдем, 2 өрт сөндіруші көлігі, 7 жүк көлігі және 1 жанармай автоцистернасы өртенді, деп хабарлайды.
2 модульдік полиция бекеті өртенді. 300-ге жуық кәсіпкер зардап шекті. Соның ішінде: 120 дүкен, 100-ден астам астам кеңсе және 80 қоғамдық тамақтандыру нысаны.
Қаладағы жағдайға байланысты Алматы қаласының комендатурасы үндеу жолдап, қала тұрғындарын жаяу жүрмеуге, қоғамдық орындарға бармауға шақырған еді.
Еске салсақ, 5 қаңтар Алматы қаласында төтенше жағдай режимі енгізілді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript