Ас ауқатынан табылған тышқан. ДСМ жоспардан тыс тексеру шарасын ұйымдастырды
Айта кетсек, Facebook-те "Республикалық балаларды оңалту орталығында" науқастарға ұсынылған бетіне қант себілген тәтті тоқаш ішінен тышқан шыққаны туралы журналист Кенжеғұл Тергембайдың жазбасы жарияланды.
Журналист Кенжеғұл Тергембайдың Facebook-тегі парақшасындағы жазбада айтылғандай, тәтті тоқаштан (болжам бойынша "тышқан") бөтен материал табылуына байланысты департаментке тексеру жүргізуді сұраған ресми шағымдар келіп түсті. Нұр-Сұлтан қалалық СЭБД баспасөз қызметі
Елорданың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті кондитерлік өнімдерді (коржик) жеткізушіні анықтады. Тексеру негіздемесі бойынша материалдар ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне жолданды, оның негізінде жоспардан тыс тексеру жүргізу қажеттілігі туралы ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы келіп түсті.
Одан бөлек, ҚР СЭБК тапсырмасына сәйкес, Есіл ауданының СЭБ басқармасы "UMC" корпоративтік қорының тамақтану сапасы мәселелері бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізуді жоспарлап отыр. Оңалту орталығының науқастары үшін тамақтандыруды ұйымдастырумен шарт негізінде шағын кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын ЖШС айналысады. Кәсіпкерлік субъектісі тексеруге мораторий қолданылатын шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататындықтан өнім берушіге қатысты жоспардан тыс тексеруді жоғары органдар жүргізеді. Осыған байланысты департамент ҚР ДСМ бұйрығын алу үшін Комитетке мораторий кезеңінде ЖШС-ға жоспардан тыс тексеру жүргізуге мүмкіндік беретін негіздеме хат жолдады. Нұр-Сұлтан қалалық СЭБД баспасөз қызметі
Ведомство халықтың өмірі мен денсаулығына төнетін қауіпке қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №229 Жарлығымен тексерулер жүргізуге жарияланған мораторийге байланысты шағын және ұсақ кәсіпкерлік субъектілеріне шұғыл тексеру жүргізе алмайтынын атап өтті.