Павлодарда қарға бола сауда орталығының иесі жазалануы мүмкін
Сурет: pixabay
Сауда үйінің төбесінен құлаған қар сол маңда тұрған көліктің артқы терезесін сындырды. Енді нысан иесі айыппұл төлеуі мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға сәтін куәгерлер видеоға түсіріп алған. Әлеуметтік желіге жүктелген видодадан биіктен құлаған қар көліктің артқы терезесін қалай сындырғанын көруге болады.
Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Toyota Camry маркалы көліктің иесі көлігін үйлердің арасына қойып, дүкенге шығып кеткен. Шатырдан құлаған қар аралас мұз көліктің терезесін сындырып, бүлдірген.
«Ғимарат шатырын уақтылы тазаламағаны үшін ЖШС директоры Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 505-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – полиция департаменті таратқан хабарламада.
Абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін сауда үйінің әкімшілігіне ескерту жасалады немесе 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript