Шымкент тұрғыны такси жүргізушісін қарумен қорқытқан
Сурет: Zakon.kz
Қаруды қайдан алғанын анықтау мақсатында азаматты Қаратау ауданы Полиция басқармасына жеткізген, деп хабарлайды Zakon.kz.
Polisia.kz таратқан ақпаратқа сай, Шымкент қалалық полиция бөлімінің “102” арнасына такси жүргізушісіне көмек керек деген шақырту келіп түскен.
Оқиға орнына шұғыл келген патрульдік полиция полкінің 8-рота инспекторлары белгісіз тұлға қаруға ұқсас затпен такси жүргізушісін қорқытқанын анықтады.
Аталған азаматтан полиция қызметкерлері қаруға ұқсас затты тәркіледі. Тәртіп сақшылары тез арада жедел-тергеу тобына хабар береді.
Қаруды қайдан алғанын анықтау мақсатында азаматты Қаратау ауданы Полиция басқармасына жеткізген.
Тексеру амалдары жүргізілуде. Аталған жайт бойынша тексеру жұмыстары аяқталғаннан кейін күдікті қала тұрғынына қатысты құқықтық баға берілетін болады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript