Жаңалықтар тізбегі
0

Полицейлер пошта арқылы жіберілген синтетикалық есірткіні тапты

қылмыскер, есірткі сатты, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.03.2022 16:00 Сурет: Zakon.kz
Ақтөбе қаласының 31 жастағы тұрғынының синтетикалық есірткі шығаратын есірткі зертханасын құруы туралы қылмыстық оқиға жалғасын тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған дейін хабарланғандай, көлік полициясы қызметкерлері қаңтар айында жалға алынған пәтерде синтетикалық есірткі шығарумен және оны таратумен айналысқан ақтөбелікті ұстаған болатын.

Сол кезде көлік полицейлері заңсыз айналымнан бір келіге жуық “Альфа-PVP” синтетикалық есірткісін тәркіледі.

Аталған факті бойынша күдіктіге қатысты “қамауда ұстау” түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Ер адам тергеу изоляторына тоғытылғанына қарамастан, көлік полициясы жедел іс-шараларды жүргізуді жалғастырып, шетелден ұсталғанның атына келіп түскен пошта сәлемдемесін анықтады.

Оның ішінен бір келі синтетикалық есірткі (скорость) табылды.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы “Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу” бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды.

Қылмыстық іс шеңберінде көршілес елдердің ішкі істер органдарының қолдау көрсетуімен сәлемдемені жөнелтуші мен басқа да адамдарды анықтау бойынша шаралар қабылданатын болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: