Талдықорған тұрғынынан ірі көлемде синтетикалық есірткі тәркіленді
Сурет: polisia.kz
Полицейлер 23 жастағы талдықорғандықтан синтетикалық есірткіні тәркіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Еркін ауылын патрульдеу кезінде полиция қызметкерлері Mercedes-Benz көлігін тоқтатты. Көлік жолаушысынан ұнтақ тәрізді сұр түсті 175 түйір табылды. Сараптамаға сәйкес алынған зат синтетикалық есірткі болып шықты.
Сондай-ақ, ұсталған азаматтың тұрғылықты жері бойынша ұқсас заттар, электрондық таразылар, өлшеуіш қасықтар, скотч, қалташалар және есірткі заттарын өлшеуге және мөлшерлеуге арналған басқа да құралдар табылды. Талдықорған қаласының Полиция басқармасы
Алынған синтетиканың жалпы салмағы шамамен 261 граммды құрады, бұл аса үлкен мөлшерге жатады. Аталған фактіге сәйкес, қылмыстық іс ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігі (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді аса ірі мөлшерде өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау) бойынша қозғалды.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, күдікті үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript