Жаңалықтар тізбегі
0

Петропавл тұрғынынан аса ірі көлемде синтетикалық есірткі алынды

Есірткі таратқан адам ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.11.2022 17:41 Сурет: polisia.kz
Петропавл тұрғынын жасыратын жер ұйымдастыру арқылы синтетикалық есірткі өткізді деген күдікпен қыркүйек айының соңында гараж кооперативтерінің бірінің маңында полицейлер ұстады.

Жеке тінту кезінде 24 жастағы қалалықтан трикосының қалтасынан кристал тәрізді зат салынған үш полимер түйіншек және портфелінен 20 түйіншек тәркіленді. Оның жауабын тексеру барысында гараждардың бірінің қабырғасының астынан жасырын орын табылды, деп жазады Polisia.kz.

Полицейлер осындай 60 түйіншек салынған пакет тәркіледі. Бүгінгі таңда сараптама нәтижелері алынды. Оған сәйкес, тәркіленген зат “тұз” деген атпен белгілі α-PvP синтетикалық есірткі болып шықты.

Алынған заттың жалпы салмағы 40 грамға жуық. Бұл аса ірі мөлшерге жатады. Жас жігіт қамауда.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Есірткі өткізу үшін заңнамамен қатаң жауапкершіліктің, оның санкциясы 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көздейтінін еске саламыз, – дейді СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Иван Терзиди.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: