Жаңалықтар тізбегі
0

Қар, көктайғақ, тұман. Төтеншеліктер алматылықтарға ескерту жасады

Ескерту, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.03.2022 16:04 Сурет: Zakon.kz
23 наурызда синоптиктер Алматы қаласында және таулы аймақтарында қар-аралас жаңбыр жауып, тұман түседі, көктайғақ болады деп күтілетінін хабарлайды. Осыған орай Алматы ТЖД қалалықтарға ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, Алматы қалалық ТЖД автокөлік иелеріне көліктерді ағаштардың астына, электр желілерінің және басқа да ілініп тұрған құрылымдардың астына қоймауға кеңес береді. Одан бөлек:

  • қар мен көктайғақ кезінде мейілінше көліктің басқа түрін пайдаланған жөн, өйткені мұндайда жүргізушінің көлікті басқару қабілеті нашарлайды, жол апатына жол беру қаупі артады;

  • көшені жол қозғалысы ережелерімен белгіленген орындар арқылы кесіп өту керек;

  • жолдан өткен кезде, басқа істерге (ұялы телефонмен сөйлесу және т. б.) алаңдамаңыз;

  • есіңізде болсын, тротуарлар, қалалық көлік аялдамалары, дүкендерге кіре берістегі баспалдақтар, тіпті өз үйіңіздің кіреберісі - адамдар жиі жарақат алып, құлайтын жерлер болып табылады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: