Қытайда ұшақтың апатқа ұшыраған орнынан екінші «қара жәшік» табылды

Төтенше жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.03.2022 11:50 Сурет: pixabay
23 наурызда ұшақтың апатқа ұшыраған орнынан ұшқыштардың сөзі жазылған "қара жәшіктің" бірі табылды. Ол Бейжіңге жөнелтілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытайдың оңтүстігіндегі Гуанси-Чжуан автономдық ауданында апатқа ұшыраған China Eastern Airlines әуе компаниясына тиесілі Boeing 737 жолаушылар ұшағының екінші «қара жәшігі» табылды, деп хабарлайды РИА Новости .

21 наурызда Қытайдың оңтүстігінде 132 адам болған ұшақ апатқа ұшырады. Оның 123-і - жолаушылары, тоғызы - экипаж мүшелері.

26 наурызда кешқұрым ҚХР Азаматтық авиация басқармасы басшысының орынбасары Ху Чжэньцзян Гуанси-Чжуан автономиялық ауданында апатқа ұшыраған China Eastern Airlines ұшағындағы 132 адамның барлығы қаза тапқанын мойындап, мәлімдеме жасады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: