Таразда кәмелетке толмағандар дәріхананы тонады

аптека, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.03.2022 18:46 Сурет: pixabay
Таразда полицейлер дәріханаға қарақшылық шабуыл жасаған күдіктілерді ұстады. Күдіктілер әлі кәмелетке толмаған екі бала болып шықты. Олар видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.
25 наурыз күні сағат 22:30 шамасында қаладағы шағын аудандардың бірінде орналасқан дәріханаға маска киген белгісіз екі адам кірген. Олар қызметкерлерді тапаншаға ұқсайтын затпен қорқытып, терезені сындырып, 37 мың теңге көлеміндегі ақшаны алып кеткен. Содан кейін олар белгісіз бағытқа қашқан.Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабының 3-бөлігі, 4-тармағымен сотқа дейінгі тергеу амалы басталды.

Жедел іздестіру шарасы кезінде полицейлер екі күдікті облыстың 17 жастағы тұрғындары екенін анықтады. Күдіктілер кінәсін толық мойындады. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: