Қызылорда облысында қар көшкінінен 23 кәсіпкер шығынға ұшырады
Сурет: Қызылорда облысы ТЖД баспасөз қызметі
Қызылорда облысындағы Арал ауданы Қамыстыбас елді мекенінде көл жағасына жиналған мұз ығысып, көшіп, салдарынан «Аққұмшық» жазғы демалыс аймағының жағалау аумағындағы жазғы алаңдар мен уақытша құрылыстар ішінара бұзылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
«Қазгидромет» РМК деректері бойынша өңірде желдің екпіні 20 м/с-қа дейін жеткен. Соның салдарынан Қамыстыбас елді мекенінде көл жағасына жиналған мұз ығысып, көшті.
Сурет: Қызылорда облысы ТЖД баспасөз қызметі
Салдарынан «Аққұмшық» жазғы демалыс аймағының жағалау аумағындағы жазғы алаңдар мен уақытша құрылыстар (23 кәсіпкердің уақытша құрылыстары) ішінара бұзылды.
Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, төтенше жағдай кезінде Төтенше жағдайлар департаментінен 2 қызметкер мен 1 техника, жергілікті атқарушы органнан 15 адам мен 3 техника жұмылдырылған.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер, сондай-ақ елді мекендерді су басу қаупі жоқ. Зақымдалған құрылыстардың саны нақтылануда. Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript