Ақмола облысы полиция департаментінің басқарма бастығы ұсталды
Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
10 сәуір күні Көкшетау қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті полицияның жеке қауіпсіздік бөлімшесімен бірлесіп, Ақмола облысы полиция департаментінің басқарма бастығы мен аға жедел уәкілін ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҰҚК таратқан мәлімет бойынша, олар лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланды деген күдікке ілінген.
Процессуалдық іс-шаралар барысында тергеліп жатқан іске қатысы бар ақшалай қаражат алынды. Ұсталғандарға «қамауда ұстау» бұлтартпау шарасы таңдалды.ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Ведомство өкілдері полиция қызметкерлеріне қатысты ҚР ҚК 361-бабы 2-1-бөлігі және 362-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript