Елордалық полицейлер гараждан гашиш тапты
Сурет: Zakon.kz
Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері 39 жастағы қала тұрғынын ұстады. Одан салмағы 25 келі болатын есірткі тәркіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Polisia.kz ақпараттық ресурсының жазуынша, полиция қызметкерлері Кинологиялық қызмет орталығының иттерінің көмегімен «Мирный» гараж кооперативінен полиэтилен қап тапты. Оның ішінде «гашиш» есірткі заты болғандығы анықталды. Сатуға дайындалған заттың салмағы 25 келі.
Нұр-Сұлтан қаласы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Ерлан Акбаровтың айтуынша, бұл жағдайда тәркіленген есірткі затының құны «қара нарықта» 30 миллион теңгеге бағаланатын еді.
Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Күдікті өз кінәсін мойындады. Елорда аумағында есірткі жеткізуге және өткізуге қатысы болуы мүмкін басқа да адамдар анықталып жатыр.ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript