Жаңалықтар тізбегі
0

Сақ болыңыз: әлеуметтік желіде жалған сайттар мен парақшалар көбейіп барады

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры, жалған сайт, алаяқ, ілеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.05.2022 09:45 Сурет: pixabay
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде әр түрлі алаяқтық сайттар мен парақшалардың пайда болғаны туралы мәлімдеді. Қаскүнемдер сайттың домендік атауын қолданып, желі пайдаланушыларын әдейі жаңылыстырады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Анықталған алаяқтық ресурстар жалған ақпараттардан тұрады. Шын мәнісінде алаяқтардың мақсаты – интернет пайдаланушылардың дербес деректерін жинап, алдау арқылы ақшалай қаражаттарын ұрлау. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры

ҚДКБҚ ақпараттың дұрыстығын тексеру үшін ақпарат көздерін айқындап алуға, бөгде адамдарға банк шотының нөмірін және басқа да банктік деректемелерді айтпауға, сондай-ақ желі арқылы дербес деректерді таратпауға кеңес береді.

Егер сіз алаяқтардың құрбаны болсаңыз, тез арада тиісті өтінішпен құқық қорғау органдарына жүгінуіңіз қажет. Азаматтарды және бұқаралық ақпарат құралдарын дәйексіз, күмәнді мәліметтерге сенбеуге және тек ресми, сенімді ақпарат көздерінің деректерін ғана басшылыққа алуға шақырамыз. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының қызметі туралы шынайы мәліметтерді 1460 тегін нөміріне қоңырау шалып білуге болады. Одан басқа, азаматтар сауалдарын info@kdif.kz және kdif@kdif.kz пошталарына жолдай алады немесе @kdif_ask Telegram-чатына сұрақ қоюға мүмкіндіктері бар.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: