Жаңалықтар тізбегі
0

БҚО-да көлік билборд бағанына соғылып, бойжеткен көз жұмды

Қайғылы жағдай Сурет: pixabay
2002 жылғы қыз ауруханаға жеткізу кезінде өте ауыр халде болған. Кейін ол алған жарақаттарынан қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Зачаганск ауылында Toyota Crown жүргізушісі билборд бағанына барып соғылған. 1993 жылғы жүргізуші мыжылған көлік ішінде қысылып қалды, оны ТЖД қызметкерлері шығарып алды, деп хабарлайды "Мой город".

Полицейлер жол апаты 22 мамыр күні сағат 05:00-де Жәңгір хан көшесінде орын алғанын хабарлады.

Көлікте жүргізушіден басқа 2002 жылғы да қыз болған. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Қыз есін жимастан ауруханада қайтыс болды. Аталған фактіге сәйкес, "Адам өліміне әкеліп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

Облыстың денсаулық сақтау басқармасы 2002 жылғы қыздың ауруханаға жеткізілгенде өте ауыр халде болғанын айтты. Кейін ол алған жарақаттарынан қайтыс болды: жабық бас сүйек-ми жарақаты, мидың контузиясы, аяқтың сынуы.

Жүргізуші ауруханаға жабық бас сүйек-ми жарақаты, бас миының шайқалуы, бұғанасы мен жамбас сүйектерінің жабық сынықтары диагнозымен түсті. Қазір ер адамның жағдайы өте ауыр деп бағалануда, ол жан сақтау бөлімінде жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: