Нұр-Сұлтанда қызметтік ит жоғалған баланы тауып берді
Сурет: Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі
Полицияға баланың анасы хабарласып, оның жоғалып кеткенін мәлімдеген. Бала үйдің ауласында ойнап жүрген, әйел көшеге шыққанда баланы таппай қалған. Анасы баланы өз бетінше табуға тырысқанымен нәтиже болмаған. Көп ұзамай оны Дин есімді ит тауып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомствоның мәлімдеуінше, кәмелетке толмаған баланы іздеу жұмыстары дереу ұйымдастырылып, полицейлер баланың болуы мүмкін жерлерді тексерді.
Инспектор-кинолог кіші сержант Дархан Адай қызметтік итімен бірге баланы іздеуге кіріскен. Қызметтік ит баланың киімінен шыққан иіспен ізге түсіп, біраз уақыттан кейін ит баланы тауып алды. Дин полиция қызметкерлерін үйдің көрші ауласындағы ойын алаңына апарған, сол жерде ойнап жүрген бала табылды. Баланың анасы полицияға ұлын жедел іздестіргендері үшін алғысын білдірді.
Алты жасар Дин атты овчарка Полиция департаментінің кинологиялық қызметіне 2 жыл бұрын келген. Үй жануары өте жақсы үйретілген әрі иіс ізі бойынша адамды іздеуге дағдыланған. Инспектор-кинолог Дархан Адай
Бұдан бөлек, Дин жақында ауыр қылмысты ашуға көмектесіпті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript