Шымкентте жоғалған баланы ит тауып берді
Сурет: polisia.kz
12 маусым күні сағат 22:40 шамасында полицияға жергілікті тұрғын хабарласып, ұлының жоғалып кеткенін айтып, көмек сұрады. Баланы іздеуге Кинологиялық қызмет көрсету орталығының инспектор-кинологы Ерболат Жамалбаев Грей есімді итін ерте шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бір сағаттың ішінде бала қаладағы сауда орталықтарының бірінен табылды. Ол отбасына тапсырылды.
Мен ұлыммен кешке серуендеуге шықтым. Бірер минутқа үйге кіріп шығам дегенше, ұлым белгісіз жаққа кетіп қалыпты. Дереу полицияға хабарладым. Тәртіп сақшылары тез жетті, оларға ұлымның киімін ұстаттым. Нәтижесінде полицейлер бірден оның ізіне түсіп, оны аман-есен тапты. Полиция қызметкерлеріне рахмет, – деп ризашылығын білдірді баланың анасы.
Елордалық полицейлер жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін қала тұрғындарын балаларға мұқият болуға шақырды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript