Ақтөбеде қараусыз гараждан граната табылды
Сурет: Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметі
Оқыс оқиға "Авиатор-3" гараж кооперативіндегі қараусыз құрылыс нысанын сүру кезінде орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға орнына шұғыл қызметтер келіп жетті. Арнайы бөлімше саперлері "Ф-1" әскери гранатасын тапты. Олар оны баллистикалық сараптамаға жолдады.
Полиция гараждың бұрынғы иесін анықтап жатыр.
ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі, яғни "Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларын заңсыз сатып алу, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
