Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда бірнеше жол апатын жасаған КАМАЗ-ды куәгерлер қуып жүріп, тоқтатып алды

Жол апаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.05.2022 10:42 Сурет: Zakon.kz
Оқиға орнына келіп жеткен дәрігерлер зардап шеккен жүкті әйелдер мен екі жасар баланы тексерді. Сондай-ақ, көліктердің бірінің жүргізушісі де зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Райымбек даңғылында үш көліктің қатысуымен жол апаты орын алды.

Куәгерлердің айтуынша, КамАЗ Райымбек даңғылы бойымен қатты жылдамдықпен келе жатқан, оның үстіне арлы-берлі қатардан қатарға өтіп отырған.

№7 қалалық ауруханасы артында ол Toyota Camry-ді іліп кетеді. Бірақ оған тоқтамаған жүргізуші ақ түсті Hyundai Elantra-ның алдын кесіп өтеді. Жеңіл көлік жүргізушісі оған соқтығыспауға тырысып, рөлді бұрып, жолды бөлуші басты жолаққа қарай ұшып кетеді. Көлік жолақ шетіндегі қалқаға сырылып, оның 10 метрін бүлдірді.

Жол апаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.05.2022 10:42

Сурет: Zakon.kz

Бұл уақытта КамАЗ жүргізушісі қызыл түсті тағы бір Hyundai Elantra-ны барып соқты.

Жол апаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.05.2022 10:42

Сурет: Zakon.kz

Жол апаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.05.2022 10:42

Сурет: Zakon.kz

Екі Hyundai оқиға орнында тоқтады, ал Toyota жүргізушісі мен басқа да куәгерлер жүк көлігінің соңына түсіп, қуа жөнелген. Біраз уақыттан кейін олар жүк көлігін тықсырып, тоқтауға мәжбүр етеді. Куәгерлер кабинадан 3-4 адам секіріп шыққанын айтты. Олардың біреуін ұстау мүмкін болған. Сондай-ақ, куәгерлер жүк көлігінің ішінде сыраның бөтелкелері шашылып жатқанын айтты.

Жол апаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.05.2022 10:42

Сурет: Zakon.kz

Ұсталған адамды медициналық куәландыруға алып кетті. Оқиға орнында криминалист саусақ іздерін алды.

Оқыс оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.05.2022 10:42

Сурет: Zakon.kz

Жол апатынан бірнеше адам зардап шекті. Қызыл түсті Hyundai-дың жүргізушісі ауруханаға түсті, бірақ кейін ол апат орнына оралды. Ақ түсті Hyundai-да екі жүкті әйел және екі жасар бала болған. Жүкті әйелдің бірін дәрігер оқиға орнында қарап, үйіне қайтарды, ал екіншісін екі жасар ұлымен ауруханаға алып кетті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: