Алматыда жаңбыр жауып тұрғанына қарамастан митингі өтіп жатыр
Сурет: Zakon.kz
Митингі қараусыз иттердің құқығын қорғауға арналған. Жаңбырлы ауа-райына қарамастан, саябаққа 50-ге жуық адам жиналды. Олардың қатарында қараусыз иттерді қабылдау мекемесінің өкілдері, еріктілер, сондай-ақ қоғамдық ұйымдар мен құқық қорғау ұйымдарының мүшелері бар, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматыда үйсіз жануарлардың проблемаларына арналған рұқсат етілген митингі өтіп жатыр.
Іс-шара Махатма Ганди атындағы саябақта ұйымдастырылды, митингке 50-ге жуық адам жиналды.
Митингтіні ұйымдастырушылар билік қабылдауы тиіс мемлекеттік бағдарлама туралы айтты. Олардың айтуынша, бағдарлама жануарлардың құқықтарын жүзеге асыруға және оларды қорғауға бағытталуы керек.
Taimas қорының өкілі Оксана Резанцева мемлекеттен аулау пункттері кешені негізінде жануарларға арналған баспана салуды талап етті.
Taimas қорының тағы бір қатысушысы Екатерина Васильева жануарларды қорғау бойынша түзілген жаңа заңдар іс жүзінде тиімсіз екенін атап өтті.
Митингке қатысушылар басқа мемлекеттердегі жануарларға қатысты өркениетті қарым-қатынастардан мысалдар келтірді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript




