Ақтауда жұмысшыны қабырға басып қалды
Сурет: Маңғыстау облысының ТЖД
Ақтауда жылу желілерін жөндеу кезінде «КЖСА» МКМ жөндеушісінің үстіне қабырға опырылып түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.
8 маусым күні сағат 11:05-те 23-шағын ауданда жылу желілерін жөндеу жұмыстары кезінде тас қабырға (шалтас) құлады. Оқиға орнынан 1978 жылғы ер адам табылды. Маңғыстау облысы ТЖД
Ол жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.
Lada.kz желілік басылымының жазуынша, ер адам жансақтау бөлімінде қайтыс болды.
Оқиға болған жерге 17 құтқарушы мен төрт техника жұмылдырылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript