Ақтауда кассир қыздың сеніміне кірген қаскөй ломбардты тонап кетті
Сурет: Zakon.kz
Кассир қыздың сеніміне кіріп, оны жақын тарта сөйлескен қаскүнем ломбардтың ашылу және жабылу уақытын, сондай-ақ бұл жұмыстың басқа да ерекшеліктерін біліп алған, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Лада" басылымының хабарлауынша, ломбард 1 наурызда таңертең тоналған.
Қылмыскер дабыл құрылғысын өшірген соң, сыртқы есікті ашқан. Содан кейін ол қызметтік бөлмеге бас сұғып, кассирді аяғынан шалып, итеріп жібереді. Жәбірленушіні қорқыта отырып, ол қоймадағы сейфті ашқызады.
Қарақшы ломбардтан жалпы құны 5 336 800 теңгенің 109 зергерлік бұйымды және 1 229 002 теңге қолма-қол ақшаны алып шықты. Ломбардқа аса ірі мөлшерде, яғни 6 565 802 теңге көлемінде мүліктік залал келтірілді.
Сот үкімімен ер адам кінәлі деп танылып, сегіз жылға бас бостандығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript