Көкшетауда өрт: 80 жастағы зейнеткер қайтыс болды
Сурет: видеодан скриншот
10 маусым күні сағат 11:56-да Әбілқасымов көшесіндегі жеке тұрғын үйден өрт шыққаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына барған Көкшетау қаласының өрт сөндірушілері 1942 жылы туған әйелдің денесін тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Сот-медициналық және өрт-техникалық сараптамалар тағайындалды. Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінің 28 қызметкері мен төрт техникасы жұмылдырылды. Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript