Алматы облысында өртеніп жатқан үйден ер адамның денесі табылды
Сурет: Zakon.kz
25 ақпан күні сағат 02:49-да Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментіне Райымбек ауылдық округіндегі саяжай қоғамдастығының тұрғын үйінде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына барған құтқарушылар үй иесінің денесін тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт салдарынан 68 шаршы метр аумақ болатын төбе опырылған.
"Сағат 04:00-де өрт локализацияланып, 05:03-те сөндірілді. Өрт орнынан үй иесінің мәйіті табылды", - делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында.
Мамандардың алдын ала бағалауы бойынша, өрт электр тоғының қысқа тұйықталуынан шыққан.
Өртті сөндіруге 20 қызметкер мен 6 төтенше жағдай қызметі, полиция және жедел жәрдем техникасы жұмылдырылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript