Өскеменде жол апатынан мыжылған көлікте қысылып қалған жүргізуші құтқарылды

Төтенше жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.06.2022 20:12 Сурет: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
Абай даңғылында Lada Granta маркалы екі автокөлік пен Camry Solara соқтығысты. Апат салдарынан Lada көлігінің жүргізушісі салон ішінде қысылып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға орнына ШҚО ТЖД Мамандандырылған жасағының қызметкерлері дереу аттанды. Мамандар арнайы "Холматро" құралын пайдалана отырып, қысылған жүргізуші босатып алды. ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

Ер адам аяғынан жарақат алды. Құтқарушылар оны жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды.

Сурет: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

ТЖД жүргізушілерді жолда қауіпсіздік шаралары мен жылдамдық режимін сақтауға шақырды. ТЖ туындаған жағдайда "112" шұғыл байланыс желісіне хабарласу керектігі де ескертілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: