Жаңалықтар тізбегі
0

Ресейге тиесілі әуе компанияның ұшағы не себепті ұшырылмады

VOLGA DNEPR AIRLINES, Мемлекеттік кірістер комитеті, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.06.2022 14:11 Сурет: Zakon.kz
Мемлекеттік кірістер комитеті Volga Dnepr Airlines компаниясына тиесілі әуе кемесінің не себепті тоқтатылғанын түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Комитет өкілдерінің мәлімдеуінше, 26 маусымда жергілікті уақытпен сағат 13:40-та елорданың «Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайына Volga Dnepr Airlines әуе компаниясының Үрімші (ҚХР) – Нұр-Сұлтан – Мәскеу бағытындағы коммерциялық рейісін іске асырып жатқан RA-82074 нөмірлі әуе кемесі тоқтады.

Бұл туралы әуежайдың қызметі «Әуежай Астана» кеден бекетінің қызметкерлеріне хабарлады.

Дегенмен әуе кемесінің экипажы мен оның өкілі белгіленген уақыт ішінде кедендік рәсімдеуге қажетті кедендік құжаттар мен мәліметтерді ұсынбаған. Сондықтан әуе компаниясына қатысты «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстің 538-бабымен әкімшіліктік өндіріс қозғалды.ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетенің баспасөз қызметі

Бұл бап бойынша үшін жиырма айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынуы мүмкін.

Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасына сәйкес, тасымалдаушы немесе өзге де белгіленген тұлғалар келуі туралы хабардар еткен кезден бастап кеден органының жұмыс уақытының үш сағаты ішінде көлік құралына кедендік декларацияны тапсыруға міндетті.

Әуе компаниясының өкілдері бұзушылықпен келісіп, кінәлілерді әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, көлік құралына кедендік декларацияны тапсыруға қатысты барлық кедендік операциялар орындалған соң әуе кемесі бірден жіберіледі.ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетенің баспасөз қызметі

Мемлекеттік кірістер комитетінде аталған заң бұзушылық кедендік әкімшілендіру саласындағы кәдімгі әкімшілік құқық бұзушылық екенін ескертіп, саяси астарының жоқ екенін хабарлады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: