Алматыда тағы бір жерден қару-жарақ арсеналы табылды
Сурет: polisia.kz
Арсеналдың қайдан шыққаны тергеу амалдары мен жедел іс-шаралар жүргізілгеннен кейін белгілі болады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы қаласының криминалдық полиция қызметкерлері ҰҚКД-нің көмегімен Медеу ауданындағы бағбан серіктесінің аумағынан жасырылған қару тапты.
Ол жерде қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде Алмалы ауданындағы қару-жарақ дүкенінен ұрланған Сайга-410К тегіс ұңғылы карабин, ПМ травматикалық тапаншасы, 2 ИЖ тегіс ұңғылы мылтығы, Макаров жүйесі тапаншасының патрондары, 9 мм калибрлі, 12 калибрлі патрондар, сонымен қатар 7,62 калибрлі патрондар жасырылған, – делінген Polisia.kz хабарламасында.
Қазір тәркіленген қару сараптамаға жіберілді. Бұл дерек Медеу аудандық Полиция басқармасында ҚР Қылмыстық кодексі 287-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелді.
Арсеналдың қайдан шыққаны тергеу амалы мен жедел іс-шаралар жүргізілгеннен кейін белгілі болады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript