Баланы құтқарып қалып, өзі суға батып кете жаздаған әскери қызметкер марапатқа ұсынылды

Тілек Құмарбеков, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.07.2022 11:59 Сурет: ШҚО ТЖД
6 жасар бала Үлбі өзеніне батып кете жаздады. Жақын жерде әскери қызметкер – Тілек Құмарбеков болған. Көмек сұраған адамдардың айғайын естіген ефрейтор әрекетке бірден кірісіп, баланы құтқарып қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол өмірін қатерге тігіп, баланы өзеннен шығару үшін суға тез сүңгіген. Тілек Құмарбеков балаға қарай жүзіп барып, оны қолынан ұстап, жағаға шығара бастаған

Алайда құтқару кезінде Тілек Құмарбековтің өзі суға тұншығып қала жаздаған. Бойындағы соңғы күшімен баланы суырып шығарып, өзі есінен танып, суға бата бастаған.

Бақытымызға орай, оған басқа адамдар көмектесті. Жедел жәрдем келіп, ауруханаға бара жатқан жолда Тілекке дем берді. Қазір әскери қызметкердің жағдайы қанағаттанарлық. Батыр наградаға Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының құқығымен ұсынылады.ҚР ҰҚ «Шығыс» РҚК баспасөз қызметінің жетекшісі Бағдат Амангелді
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: