Бестөбе кенішіне заңсыз түскен тағы бір адамның денесі табылды
Мамандар "Западная" шахтасының орта тұсы - 610 метр тереңдікті тексеру кезінде алтынды заңсыз өндірушілер деп болжанған үш адамды тапты. Олардың бірі өлі күйінде табылса, тағы бірінің көптеген дене жарақаты бар.
Заңсыз алтын іздеушілер жер бетіне шығарылып, оқиға орнына медицина қызметкерлері мен полиция шақырылды. Барлығының жеке басы анықталды.
Қаза табушы мен жапа шегуші - Ақмола облысы Заводской ауылының тұрғындары, үшіншісі - Ақмола облысы Жаңа Қарабұлақ ауылының тұрғыны. Олардың ешқайсысы Бестөбе кенішінде жұмыс істемейді. Үшеуі де бірнеше рет күзетілетін нысандарға заңсыз кіргені үшін жауапқа тартылған азаматтар. "Алтыналмас" компаниясының баспасөз қызметі
Ұсталған азамат барлығы бірігіп, құрамында алтыны бар кенді заңсыз өндірумен айналысқанын мойындады. Оның айтуынша, сыбайластарының үстіне тас қопарылып құлаған: біреуі оқиға орнында көз жұмса, екіншісі ауыр жарақат алған (сынықтар, көгерулер).
Қаза тапқан адамның денесі мен зардап шегушіні шахтадағы бөтендер орта жолға дейін жеткізуге тырысқан. Марқұмның артында кәмелетке толмаған екі баласы қалды.
Шахта бір жылдан бері жұмыс істемейді, желдету және басқа инженерлік желілер өшірілген, төменгі қабатын жер асты сулары басқан. Бестөбе кеніші тиесілі болып табылатын "Алтыналмас" компаниясы шахтада заңсыз алтын өндірумен айналысу қауіпті екенін бірнеше рет ескерткен.
Айта кетсек, 22 шілдеде сол шахтадан ер адамның денесі табылды. Бестөбе ауылы тұрғынының денесі шахтаның ортаң белінде жарылғыш материалды тасуға арналған вагонда қапқа салынған күйде болған. Оны шахтаны аралау кезінде кеніш қызметкерлері тауып алып, жер бетіне шығарды.