Бестөбе кеніштерінің бірінен шахтаға заңсыз түскен адам өлі күйінде табылды
Бұл туралы полицияға шахтаның кезекші қызметкері хабарлады. Шахта ішінен опат болған адамның денесін өзге ұрылар сыртқа алып шыққан, делінген "Алтыналмас" АҚ хабарламасында.
Опат болған 1982 жылғы Өзбекстанның тумасы болып шықты.
Басқа қаскөй өлі адамның үстінен түскен. Ол оны "кандейканың" (кеншілердің демалыс бөлмесі) маңында шалқасынан жатқан өлі күйінде тапқанын айтады. Мәйіттің жанында тастар жатыпты. Оның айтуынша, марқұм шахтада 18 күн болған. Ал куәгердің өзі шахтада жүргеніне екі апта болған.
Ол өзінің серіктесімен бірге өлі адамды қапқа салып, "Центральная" шахтасының 475-ші горизонтынан сыртқа алып шыққан, сол арада олар ұсталып қалды. Аталған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. "Алтыналмас АК" АҚ баспасөз қызметі
Шахта тиесілі "Алтыналмас" АҚ-тың хабарламасында адамдарға Бестөбе кенішінің шахтасында құрамында алтын бар кенді заңсыз өндіру қаупі туралы бірнеше рет ескертілгені айтылған. Бүгінгі күні шахта жабулы тұр: электрондық және телефон байланысы ажыратылды, шахталардың оқпандары түсірілді, жүріс бөлімдерінің люктері бекітіліп, есіктер мөрленіп күзетке тапсырылды, желдету жүйесі жұмыс істемейді, көтергіш қондырғылар да жұмысын тоқтатқан, оларды іске қосу мүмкін емес. Сонымен қатар, кеніш жер асты суларына тола бастаған.
2022 жылы мұнда заңсыз түскен 940-тан астам адам ұсталып, полицияға тапсырылды.
2022 жылдың 22 шілдесінде жұмыс істемейтін Бестөбе шахтасынан орануға арналған қапшықтан мәйіт табылды.
Сол жылдың сәуір айында шахтада шолушылар Павлодар облысының 43 жастағы тұрғынының денесін тапты. Степногорск полициясының мәліметінше, ол жүректің ишемиялық ауруынан қайтыс болған. Оның да шахтаға заңсыз түскені белгілі болды, оны серіктестері тастап кеткен болуы мүмкін.