Алматыда полицей адам қағып кетті
Сурет: Zakon.kz
Алматыда полицей 49 жастағы әйелді қағып, әйел оқиға орнында жан тәсілім етті. Қайғылы жағдай түнде Жансүгіров көшесінде болды. Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі ақпаратты растады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматыдағы адам өліміне әкелген жол апаты болған жерден түсірілген видео Instagram-пабликтердің бірінде жарияланды.
Алматыда полиция көлігі апатқа ұшырады. Куәгерлердің жазуынша, Алматыда Белинский көшесі бойымен (қазіргі Ілияс Жансүгіров көшесі – ред.), Рысқұлов көшесіне жетпей полиция көлігі жаяу жүргіншіні (қыз бала) қағып кетті. Толық мәліметтер нақтыланып жатыр, – делінген видеоға жазылған түсініктемеде.
Zakon.kz тілшісіне қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға 3 тамыз күні сағат 23:25-те болған.
Hyundai маркалы қызметтік автокөліктің 1993 жылғы жүргізушісі – Патрульдік полиция полкінің қызметкері Жансүгіров көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, Ақпаев көшесінің қиылысында 49 жастағы әйелді қағып кетті, өкінішке қарай, әйел оқиға орнында көз жұмды. Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі
Ведомство өкілі атап өткендей, бұл жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі («Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы») бойынша тіркелді.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына сәйкес (қамауға алу негіздері), жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сараптама тағайындалды. Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript